2026 жылғы 26 ақпанда Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының оқытушылары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қызметкерлеріне «Лудомания мемлекеттік қызметшінің кәсіби сенімділігіне қауіп ретінде» тақырыбында онлайн-дәріс өткізді. Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологемасын және кадр қауіпсіздігін нығайту жөніндегі шараларды іске асыру шеңберінде өтті.
Арнайы заң пәндері кафедрасының доценті Динара Амуртаева лудомания проблемасының құқықтық аспектілерін атап өтіп, ойынға тәуелділіктің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен байланысын, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлық үшін тәртіптік жауаптылықты еске салды.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Әсел Қарымсақова тәуелділікті қалыптастыру тетіктеріне психологиялық талдау жасап, құмар ойындардың эмоционалдық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігіне әсері туралы айтып, психологиялық тұрақтылықты сақтау бойынша ұсыныстар берді.
Қатысушылар өзін-өзі диагностикалаудың практикалық құралдарын және ұжымдағы тәуелділік белгілерін анықтау алгоритмдерін алды. Дәріс құқықтық мәдениетті, кәсіби этиканы нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz

