Конституциялық жаңару жағдайындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық терминологиясы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының бастамасымен «Конституциялық жаңару жағдайындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық терминологиясы: қолдану, түсіндіру және аудару мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты — конституциялық реформалар кезеңінде заңнамалық терминологияны жүйелеуді, құқықтық ұғымдарды біріздендіруді, оларды қолданудың ғылыми-әдістемелік тәсілдерін әзірлеуді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді аудару проблемаларын талдауды талқылау.

Дөңгелек үстел жұмысына құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың және жоғары оқу орындарының өкілдері, оның ішінде Әділет министрлігінің мамандары, құқықтық лингвистика және норма шығармашылық жөніндегі сарапшылар, сондай-ақ Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Талқылау барысы Конституциялық жаңару жағдайында құқықтық терминдерді трансформациялау, нормативтік құқықтық актілердің терминологиялық дәлдігі мен біркелкілігін қамтамасыз ету мәселелерін қамтыды. Семантикалық сәйкессіздіктер мен аударманың дәлсіздігі құқық қолдану практикасында тікелей көрініс табатыны атап өтілді.

Бағдарламаның жекелеген тармағы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша әзірленген «Нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерінің бірыңғай сөздігінің» тұсаукесері болды.

Талқылау қорытындысы бойынша дөңгелек үстел құқықтық лингвистика мен норма шығармашылық қызметтің өзара байланысын нығайтуға, сондай-ақ білім алушылардың диссертациялық зерттеулерін дамытуға ықпал ететін нәтижелі ғылыми алаңның мәртебесін растады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты ғылым мен практика арасындағы кәсіби диалогты дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастырады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz