«Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының «Құқықтық көмек» жобасын іске асыру шеңберінде Қосшы қаласы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығында «Күнделікті өмірдегі Конституция» тақырыбында ашық диалог өтті.
Іс-шараға Академия өкілі, білім алушылар, сондай-ақ жастар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілікті дамыту мәселелерін талқылады.
Академияның Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі Артур Баймаханов баяндама жасап, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндірді және жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара жастар арасында пікір алмасудың және құқықтық құндылықтарды нығайтудың тиімді алаңына айналды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


