ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы 7M12301 «Құқық қорғау қызметі» (бейіндік бағыт) және 7М12303 «Құқық қорғау қызметі» (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламалары бойынша бос қабылданатын орындарға орналасуға конкурс жариялайды.

Бос қабылданатын орындарға ауыстыру және қайта қабылдау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 59 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу туралы сұрақтар бойынша Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтына (7340231@prokuror.gov.kz. электрондық пошта) хабарласуыңызды сұраймын.