2025 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ТМД-ға қатысушы – мемлекеттердің базалық ұйымы мәртебесінде қаржылық тергеудің заманауи цифрлық құралдарына арналған халықаралық вебинар өтті.
Қатысушылар табысты жылыстатуға, сыбайлас жемқорлыққа және киберкеңістіктегі алаяқтыққа қарсы күрестің өзекті тәсілдерін қарастырды. Сарапшылар Crystal Intelligence, Chainalysis блокчейн-талдау жүйелерінің және отандық «Тритон» жүйесінің мүмкіндіктерін таныстырып, цифрлық дәлелдемелерді алу және өңдеу әдістерін, криптоактивтермен жұмыс істеу ерекшеліктерін ашып көрсетті.
Жеке блокта қылмыстық табыстарды халықаралық іздестіру, тұтқындау және тәркілеу тетіктерін қоса алғанда, Ұлттық Антифрод орталығының активтерді қайтару тәжірибесі талқыланды. Сондай‑ақ цифрлық активтерді қадағалау мәселелері мен АХҚО‑ның криптокомплаенсті енгізу тәжірибесі де қаралды.
Бұл іс-шара ТМД елдерінің қаржылық тергеу қызметкерлері мен құқық қорғау органдары өкілдерінің кәсіби байланыстарын нығайтты.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz


