Академия «КримЭкс-2025» халықаралық байқауының Бас жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының командасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 70 жылдығына арналған «КримЭкс-2025» халықаралық кәсіби шеберлік байқауында үздік деп танылды.

Форум Қазақстан мен шет мемлекеттердің ең мықты 13 командасын біріктірді. Қатысушылар күрделі теориялық және практикалық сынақтар сериясынан өтіп, криминалистика мен сот сараптамасының нақты сценарийлеріне барынша жақын міндеттерді шешті.

Академия ұжымы жоғары дайындық деңгейін, криминалистикалық талдау әдістемелерін сенімді меңгеруді және кәсіби міндеттерді шешуге стандартты емес көзқарасты көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Академия құқық қорғау жүйесіне мамандар даярлауда көшбасшы мәртебесін растап, Гран-приді лайықты иеленді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz