Академия мен Ташкент мемлекеттік заң университеті ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2025 жылғы 28 қарашада Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіровтің Ташкент мемлекеттік заң университетінің басшылығымен екіжақты кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында өзара іс-қимылдың басым бағыттары, оның ішінде алғашқы даярлық бағдарламаларын дамыту, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастық мәселелері қаралды. Өзбек тарапы Академияның Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік Хаб ретіндегі тәжірибесіне, оның цифрлық криминалистика саласындағы құзыреттеріне және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі орталықтың жұмысына қызығушылық танытты.

Бірлескен зерттеулер жүргізу, оқу материалдарымен алмасу, Университет мамандарының Академия докторанттарына ғылыми кеңес беруге қатысуы және академиялық ұтқырлықты дамыту перспективалары жеке талқыланды. Бинарлық сабақтар өткізу және цифрлық қауіпсіздік бойынша ұлттық жаттықтырушыларды даярлау мүмкіндігі қарастырылды.

Тараптар серіктестікті кеңейтуге және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытты.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz