Академияның Өзбекстан Құқық қорғау академиясымен екіжақты кездесуі

Конференция аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіровтің Өзбекстан Республикасы Құқық қорғау академиясының басшылығымен кездесуі өтті.

Тараптар 2017 жылғы меморандум негізінде дамып келе жатқан екі білім беру мекемесінің тұрақты ынтымақтастығын атап өтті. Бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің, монографиялар дайындаудың, халықаралық жобаларға қатысудың және тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.

Терроризм мен экстремизмнің алдын алу, киберқылмыстар мен криптовалюталарды пайдалана отырып жасалған қылмыстарды тергеу, есірткі қылмыстары мен заңсыз қаржы схемаларына қарсы іс-қимыл, аналитикалық және цифрлық криминалистиканың тиімділігін арттыру саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Қылмысты талдау, тәуекелдерді болжау және заманауи оқу модульдерін әзірлеу үшін жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы келісімді жаңартты. Бұл серіктестікті дамытуға, жаңа білім беру және зерттеу жобаларын іске қосуға, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz