Құқық қорғау органдары академиясында профессорлық-оқытушылар құрамының, магистранттар мен докторанттардың әдістемелік мәдениетін арттыруға бағытталған «Зерттеу дизайны» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Шақырылған спикер – заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамалладин Ибрагимов зерттеу дизайнын құрудың негізгі принциптерін таныстырып, ғылыми мәселені дұрыс қоюдың, мақсаттар мен міндеттерді айқындаудың, сондай-ақ зерттеу әдістерін таңдаудың маңыздылығын атап өтті. Диссертациялардың жаңалығы мен практикалық құндылығын қамтамасыз етудегі сауатты дизайнның рөлі ерекше атап өтілді.
Докторант Баграм Байсеитов бюджет қаражатын ұрлауға қарсы күреске арналған қылмыстық құқық саласындағы зерттеу нәтижелерін таныстырды. Оның баяндамасы қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Магистрант Динара Қалыкова жас зерттеушілердің магистрлік жұмыстарды дайындау кезінде кездесетін қиындықтарын бөлісіп, ғылыми жетекшілердің әдістемелік қолдауының маңыздылығына тоқталды.
Семинар қатысушыларға ғылыми зерттеудің құрылымын тереңірек түсінуге, практикалық ұсынымдармен бөлісуге және диссертацияларды дайындауда біртұтас әдістемелік тәсілдерді бекітуге мүмкіндік берді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz






