Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Оқытушылық дағдыларды дамыту және жетілдіру» педагогикалық шеберлік мектебі аясында өткізілген оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы аяқталды. Оқу 2025 жылғы 28-31 қазан және 24-25 қараша аралығында өтті.
Бағдарлама оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін нығайтуға бағытталған болатын. Тыңдаушылар оқу-әдістемелік қолдау мәселелерін, заманауи педагогикалық тәсілдерді, оқытуда цифрлық технологияларды қолдануды және аудиториямен тиімді жұмыс істеу әдістерін зерделеді.
Сабақтарды Академияның тәжірибелі оқытушылары мен қызметкерлері жүргізді, ал шақырылған TechnoWomen жаттықтырушысы жасанды интеллект және цифрлық дағдылар бойынша практикалық құралдармен бөлісті.
Өткізілген курс Академияның әдістемелік базасын нығайтуға ықпал етіп, оқытушылардың білім беру процесінде жаңа тәсілдерді қолдануға дайындығын арттырды. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды.


