2025 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз ету» пәні бойынша экономикалық қылмыс пен елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғау тақырыбында бинарлық практикалық сабақ өтті.
Сабақты Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, аға әділет кеңесшісі Назарбек Жемпиисов жүргізді. Сарапшы ретінде Шығыс өңірінің әскери прокуроры, ұлттық қауіпсіздік магистрі, әділет полковнигі Фариз Ибрагимов қатысты.
Білім алушылар экономикалық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің негізгі аспектілерін зерттеді. Тақырып айтарлықтай қызығушылық туғызды: докторанттар практикалық мәселелерді белсенді түрде көтеріп, ал сарапшы экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимылдың нақты тетіктеріне назар аудара отырып, мазмұнды жауаптар берді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz


