2025 жылғы 18-20 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдану дағдылары» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шара оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға және оқу процесіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталды.
Сабақты Академия мамандары цифрлық білім беру технологиялары саласындағы шақырылған сарапшының қатысуымен ұйымдастырды. Қатысушылар оқу материалдарын жоспарлау мен дайындау барысында жасанды интеллектті пайдалану тәсілдерін үйренді, өзекті цифрлық платформаларды талқылады, білім беру процесіне жасанды интеллектті кіріктірудің тәжірибелік құралдарын меңгерді.
Профессорлық-оқытушылық құрамның цифрлық сауаттылығын арттыру Академияның оқытудың инновациялық форматтарын дамыту және құқық қорғау жүйесі үшін кадрларды сапалы даярлау жөніндегі стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz




