Заң мен Тәртіп: мектеп оқушылары арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетудің 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкері А.Т. Ахметов Қарағанды қаласының Білім-Инновация лицей-интернатының 7 сынып оқушыларына интерактивті дәріс-сұхбат өткізді.

Іс-шара өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға бағыну мәдениетін дамытуға бағытталған. Әңгіме барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, заңдылық пен құқықтық тәртіптің маңызы, құқық қорғау органдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі түсінікті тілмен жеткізілді.

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы, құқық бұзушылық түрлері және олардың алдын алу шаралары мәселелеріне ерекше назар аударылды. Балалар талқылауға белсенді қатыса отырып сұрақтар қойды, күнделікті өмірден мысалдар келтірді және құқықтық сана мен қауіпсіз мінез-құлық тақырыбына қызығушылық танытты.

Мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларының заңға деген құрметін қалыптастыруға, жеке жауапкершілікті сезінуге және құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етеді. Академия жастардың құқықтық сауатын ашу, қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.