Академияда ғылыми зерттеулер әдістемесі курсы жалғасуда

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 2025 жылғы наурыздан бастап Ғылыми даму мектебі аясында «Ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемесі» курсы өткізіліп келеді.

Заң ғылымдарының докторы Сабигүл Жанабайқызы Бекишева жетекшілік ететін бағдарлама тыңдаушыларға заманауи зерттеу тәсілдерін меңгеруге, аналитикалық ойлау мен ғылыми жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Курс Академияның ғылыми әлеуетін нығайтып, заңнаманы жетілдіру және құқық қолдану тәжірибесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге дайын зерттеушілер қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz