2025 жылғы 3-4 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияларды сәтті қорғау рәсімдері өтті. Үш докторант өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынып, жоғары дайындық деңгейін және таңдалған тақырыптардың құқық қолдану тәжірибесі мен ғылым үшін өзектілігін көрсетті.
🎓 Тимур Қайратұлы Авенов (6D030300) «Қазақстан Республикасының жария іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық» тақырыбында диссертациясын қорғады.
Рецензенттер: заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор М.І.Жұмағұлов, философия докторы (PhD) Е.М.Хакимов.
Ғылыми кеңесшілері: заң ғылымдарының докторы, доцент С.Д.Бекішева; заң ғылымдарының кандидаты, доцент С.Н.Исаева; заң ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Т.Әбеуов.
🎓 Алмас Мұратұлы Әміров (8D04201) «Дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалау» тақырыбында диссертациясын қорғады.
Рецензенттер: заң ғылымдарының докторы, профессор Қ.С.Лақбаев, заң ғылымдарының кандидаты В.В.Вабищевич.
Ғылыми кеңесшілері: заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н.Бегалиев; заң ғылымдарының докторы, доцент Д.В.Воронков; заң ғылымдарының кандидаты, доцент (қауымдастырылған профессор) А.В.Сырбу.
🎓 Мұхтар Бейбутұлы Садыков (8D04201) «Құқық қорғау қызметіндегі жасанды интеллект: құқықтық және ұйымдастырушылық-тактикалық аспектілер» тақырыбында диссертациясын қорғады.
Рецензенттер: заң ғылымдарының докторы, доцент А.А.Бессонов, заң ғылымдарының докторы, профессор С.С.Гулямов.
Ғылыми кеңесшілері: заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Қ.Қ.Сейтенов; социология ғылымдарының докторы, профессор А.А.Тынышбаева; заң ғылымдарының докторы, доцент Д.В.Воронков.
Қорғаулар ғылыми кеңесшілер мен жетекші сарапшы ғалымдардың қатысуымен өтті. Олар жүргізілген зерттеулердің жоғары деңгейін растады. Ұсынылған жұмыстар өзекті құқықтық мәселелерді шешуге бағытталған және Қазақстанда заңдылықты қамтамасыз ету теориясы мен практикасын дамытуға үлес қосады.
Академия философия докторларын диссертацияларын сәтті қорғауларымен құттықтайды. Олардың мақсаткерлігі мен ғылыми ізденіске адалдығы ең жоғары бағаға лайық. Құқықтық тәртіп пен заң ғылымының дамуына қызмет ету жолында жаңа табыстар мен кәсіби өсуді тілейміз.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz