2025 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлт үні – домбыра» акциясы өтті.
Іс-шараға Академия қызметкерлері, «Күй анасы» қоғамдық кеңесінің өкілдері, сондай-ақ қазақтың атақты композиторы Дина Нұрпейісованың немересі Төлеген Шаңғытбайұлы Қуанышев қатысты. Қонақтар домбырада бірнеше әуен орындап, оның тарихы мен қазақ мәдениетіндегі орны туралы әңгімеледі.
Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, қазақ халқының бірегейлігінің, рухани мұрасы мен бірлігінің символы. Оның сазы кең дала сұлулығымен, батырлардың ерлігімен және ақсақалдардың даналығымен ұштасады.
Акцияның мақсаты – қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мен кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын еске салу және көне музыкалық аспапты кеңінен насихаттау.
Іс-шара соңында Академия басшылығы ұлттық құндылықтарды құрметтеп, мәдени мұраға деген ықылас білдіргені үшін барлық қатысушыларға алғыс айтты.