2025 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шара Академияның магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсу тәртібі мен артықшылықтарын түсіндіруге арналды.
Кездесу барысында Академия өкілдері құжаттарды қабылдау мерзімі (ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 25 шілдесіне дейін), үміткерлерге қойылатын талаптар, құжаттарды тапсыру тәртібі, түсу емтихандары және оқу шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлері Академияның қызметімен танысты.
Мұндай іс-шаралар 2025 жылғы қабылдау науқанының бір бөлігі болып табылады.
Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсудің білім беру бағдарламалары мен шарттары туралы ақпарат Академияның ресми сайтындағы тиісті бөлімде орналастырылған