Академия магистранттары Ташкентте өткен халықаралық конференцияға қатысты

2025 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Ташкент Мемлекеттік заң университетінің базасында өткен «Қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғырту: сотқа дейінгі сатыдағы соттық қадағалау» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Конференцияда магистранттар Р.М. Мұқанова, Е.М. Әбілда және Ж.Н. Файзоллаева баяндама жасап, алаяқтықты, есірткі қылмыстарын тергеу, сондай-ақ жеке адамға қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жазаны саралау шеңберіндегі соттыққадағалаудың өзекті мәселелерін атап өтті. Олардың сөйлеген сөздері конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырып, сұрақ-жауап сессиясы аясында қызу пікірталас тақырыбына айналды.

Магистранттар А.Т. Есқали мен Б.К. Сражадин де пікірталас сессияларының тыңдаушылары мен қатысушылары ретінде талқылауға қатысып, ғылыми процеске дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.  

Бұл іс-шараға қатысу халықаралық ғылыми диалогты дамыту, кәсіби құзыреттілікті тереңдету және Академия білім алушыларының академиялық ой-өрісін кеңейту ісіндегі маңызды қадам болды. Конференция Орталық Азия елдерінің білім беру мекемелері арасында тәжірибе алмасуға және академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал ете отырып, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстаннан келген заң ғылымы мен практика өкілдерін біріктірді.