ЕСІМСЕЙТОВ БАУЫРЖАН РАҚЫМЖАНҰЛЫ
(2024 жылдың 11 наурызынан бастап Академияның зейнеткері)
Доцент
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 27 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер (бір буынды салт етістіктер негізінде жасалған сөзжасамдық ұялар)» (мамандығы: 10.02.02: қазақ тілі).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: тіл білімі, юрислингвистика, оқыту әдістемесі.
Ғылыми еңбектері: 90-нан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2-і оқу құралы, 2-і оқу-әдістемелік құралы, 6-ы құрал, олардың 2-і авторлық бірлестікте, 1 электрондық оқулық, 1 хрестоматия және 85 ғылыми мақала.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
Заманауи педагогикалық технологиялар;
Басшының ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениеті;
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тілдік құзыреттілігі.
НҰРХАН АЙБАР СЕРІКҰЛЫ
(2024 жылдың 21 қазанында Кәсіптік оқыту институтына ауыстырылды)
Аға оқытушысы
Сыныптық шені: кіші әділет кеңесшісі
Білімі: жоғары
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: Доктор PHD
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 3 жыл
Диссертация тақырыбы: «Қылмыстық теріс қылықтар үшін көзделген жазалар жүйесі: заманауи жағдайы және даму үрдістері».
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, қылмыстық процесс.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары: 20-дан астам жарияланған жұмыстары бар (ғылыми мақалалар, оқу әдістемелер мен құралдар, монографиялар).
Оқытылатын пәндер:
— «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың проблемалары: теория және практика»;
— «Қазақстан Республикасының қылмыстық қудалау органдарының теориясы мен практикасындағы жасырын тергеу әрекеттері»;
— «Жымқыруды тергеуді ұйымдастырудың ерекшеліктері»;
— «Қылмыстық құқық бойынша практикум».