2025 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бастамасымен дөңгелек үстел өтті. Талқылауда ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) және ГРЕКО (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобы) ұсынымдарын іске асыру мәселелері болды.
Қатысушылар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерді енгізуге байланысты тақырыптардың кең ауқымын қарастырды.
Құқық қорғау органдары үшін ерекше практикалық маңызы бар «Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдарға қатысты қылмыстық істерді тергеудің жекелеген мәселелері» әдістемелік ұсынымдарының тұсаукесеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Жоғары Сот Кеңесінің, Орталық сайлау комиссиясының, Сот әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері, сондай-ақ Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
Талқылау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіру және оны тиімді қолдану жөнінде нақты ұсыныстар тұжырымдалған.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz