Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия, анықтама телефоны: 8702-977-49-36, e-mail: 7172301@prokuror.kz) «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.
Жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Лауазымдық айлықақы :
Санаты | Еңбек өтіліне қарай | |
min | max | |
С-4 | 263 131 | 302 255 |
- Академия Аппараты Білім беру қызметінің сапасын бақылау және бағалау тобының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Құжаттамалық айналымды, оның ішінде «ҚБП» деген белгісі бар кіріс, шығыс хат-хабарларды, құжаттарды, істер мен басылымдарды қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды, адресаттарға беруді қамтамасыз етеді; «ҚБП» белгісі бар хат-хабарлардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асырады; елтаңбалық бланкілерді, мөрлер мен мөртабандарды есепке алуды, сақтауды, жоюды және беруді жүргізеді; Академияның құрылымдық бөлімшелерінде құжат айналымын және іс жүргізуді жүргізеді; қызметтік құжаттарға талдау мен мониторингті жүзеге асырады; орындалған құжаттарды істерге және қадағалау істеріне қалыптасырады, оларды сақтау үшін мұрағаттқа береді; «Қадағалау» АЖ-да электрондық мұрағатты, істер номенклатурасын қалыптастырады және оның дұрыс қолданылуын бақылауды жүзеге асырады; Академия тыңдаушылары мен білім алушыларына сауалнама жүргізуге қатысады; білім беру қызметі саласындағы құқықтық актілерге қолданыстағы жоспарлардың, оқу бағдарламаларының, оқу-әдістемелік материалдардың жай-күйіне талдау жүргізуге қатысады; тыңдаушылардың және профессорлық-оқытушылық құрамның білім алушыларының қатысуына мониторинг жүргізуге қатысады, өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Біліміне қатысты талаптар:
Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім:
— Педагогикалық ғылымдар (қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын және/немесе білім (орыс тілі және әдебиеті) және/немесе білім (Қазақ тілі және әдебиеті) және/немесе екі шет тілі (Білім));
— Өнер және гуманитарлық ғылымдар (филология);
— Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану және/немесе психология және/немесе кітапхана ісі және/немесе мәдениеттану және/немесе әлеуметтану және/немесе аймақтану және/немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету және/немесе халықаралық қатынастар);
— Бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе халықаралық құқық);
— Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (информатика және/немесе ақпараттық жүйелер).
- Академияның Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, уақытша бос лауазым, С-4 санаты, 1 бірлік (бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне 26.12.2026 жылға дейін), (негізгі жұмыскер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертіп жұмысқа шығуға құқылы).
Функционалдық міндеттері:
Қызметкерлерге ақшалай ризықты, Академияның тыңдаушылары мен білім алушыларына стипендияларды және еңбек шарттары бойынша жұмысшыларға жалақыны уақтылы есептейді және төлейді, ай сайын олар бойынша талдау есебін жүргізеді; атқару парақтары бойынша ұсталған сомалар бойынша талдау есебін жүргізеді; мемлекеттік бюджетке міндетті төлемдерді, әлеуметтік сақтандыруға арналған жарналарды уақтылы есептейді; қызметкерлер мен жұмысшыларға жалақыны, басқа да төлемдерді және олардан ұстап қалуларды есептеу мәселелері бойынша анықтаманы өңдейді және береді; № 5, 8; №-1т, 2Т-ПРОФ (айлық, тоқсандық және жылдық) «Еңбек бойынша есеп» нысанының аналитикалық және синтетикалық есебін жүргізеді, оларды аумақтық статистика органына ұсынады; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Клинет СОНО» бағдарламасы бойынша электрондық нысанда Қосшы қаласының әлеуметтік, табыс салықтары және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем жөніндегі салық комитетіне тоқсан сайынғы есептерді жасайды және ұсынады; бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, салықтық және статистикалық есептілікті жасайды, оларды мұрағатқа тапсырады; Академия қызметкерлерінің іссапар және шығыстардың басқа да түрлері бойынша аванстық есептерін тексереді және өңдейді; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең ішінде бастапқы құжаттардың, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің, қаржылық есептіліктің, есеп саясатының, өзге де деректердің сақталуын қамтамасыз етеді; штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді; қаржылық құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеуді және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Біліміне қатысты талаптар:
Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім:
— Бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе бағалау және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит);
— Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (статистика және/немесе математика).
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.02.2017 жылғы № 40 бұйрығы) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
_____________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ____________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))