Құқық қорғау органдары академиясы Қаржылық мониторинг агенттігімен Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл құжат құқық қорғау органдарының жұмысындағы инновациялық тәсілдерді дамытуға бағытталған екі мекеме арасындағы ғылыми-зерттеу өзара іс-қимылының жаңа кезеңін белгіледі.
Келісім қаржы мониторингі және сабақтас бағыттар саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға қабілетті озық ғылыми жетістіктерді әзірлеу мен енгізуде бірлескен күш-жігерді нығайтуға арналған. Академия ректоры Марат Сексембаев бұл құжатқа қол қою ғылыми жұмыс үшін, оның ішінде құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелерін терең зерттеу және инновациялық шешімдерді әзірлеу үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.
«Осы Келісім шеңберіндегі бірлескен күш-жігер бізге одан да тиімді жұмыс істеу үшін ресурстар мен білімді біріктіруге көмектеседі. Біздің ғылыми зерттеулеріміз құқықтық тәртіп жүйесін жетілдіруге айтарлықтай әсер етеді», — деп атап өтті Академия ректоры.
Бұл серіктестік құқық қорғау органдарының заңдылықты қамтамасыз етудегі нәтижелі жұмысына ықпал ете отырып, Академияның да, Агенттіктің де зерттеу әлеуетін арттырады.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі