Бүгін Құқық қорғау органдары академиясының базасында құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар басшылығының Президенттік резервіне енгізілген қызметкерлерді кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттырудың кезекті курсы басталды.
Президент жарлығына сәйкес Құқық қорғау органдары академиясы Президенттік резервтегі мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді, бұл Академияның мемлекеттің кадрлық әлеуетін қалыптастырудағы шешуші рөлін атап көрсетеді. Курс тыңдаушыларының құрамына прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметінің басшылары кіреді.
Іс-шараны ашқан Академия ректоры Марат Сексембаев Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған міндеттеріне назар аудара отырып, жаңа буынның тиімділігі жоғары көшбасшыларын даярлаудағы үшін Президенттік резервті оқытудың маңыздылығын атап өтті.
Курс бағдарламасы болашақ көшбасшылардың кәсіби және басқару құзыреттілігін дамытуға және жақсартуға бағытталған. Мемлекеттік саясат, келіссөздер, аналитикалық және стратегиялық ойлауды дамыту, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуде көшбасшылық қасиеттер мен дағдыларды қалыптастыру сияқты аспектілерге назар аударылады.
Білім беру процесі нақты жағдайларды талдауға және практикалық тапсырмаларды орындауға баса назар аудара отырып, интерактивті оқыту әдістерін, лекциялық және практикалық сабақтарды қамтиды.
Курсты аяқтағаннан кейін, 4 қазанда оқуды сәтті аяқтаған барлық қатысушылар өздерінің біліктілігін және жаңа тапсырмаларды орындауға дайындығын растайтын сертификаттар алады.
Құқық қорғау органдары академиясының
Баспасөз қызметі