Құқық қорғау органдары академиясы тәжірибеге оқытудың инновациялық әдістерін енгізе отырып, білім беру технологияларын дамытуда белсенді ілгерілеуде. Негізгі жаңалықтардың бірі «Төңкерілген сынып» моделі болды (Flipped Classroom).
Бұл модельдің мәні мынада: оқытушының материалды теориялық ұсынуына емес, оның практикалық қолданылуына баса назар аударылады. Оқу мазмұны алдын ала цифрландырылған және Академияның электрондық порталында орналастырылған, бұл білім алушыларға оны ыңғайлы уақытта өз бетінше оқуға мүмкіндік береді. Аудиториядағы сабақтар, өз кезегінде, тәжірибеге және алынған білімді шоғырландыруға бағытталған, бұл материалды тереңірек түсінуге және игеруге ықпал етеді.
Осы модельді сәтті енгізу үшін Академия оқытушыларды цифрлық даярлауға көп көңіл бөледі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 15 тамызында «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен профессор-оқытушылар құрамы үшін оқыту ұйымдастырылды. Бағдарлама бейне сабақтарын құру дағдыларын игеруді, білім беру мазмұнын монтаждауды, инфографика мен визуализация негіздерін қамтыды.
Оқытушылар білім беру бейнелерін жасаушылар, сұхбат берушілер және заманауи презентацияларды жасаушылар ретінде өздерін сынап көруге мүмкіндік алды. Оқытуды тәжірибелі жаттықтырушы және журналист Ирина Какимова жүргізді, ол қатысушылармен өзінің білімі мен практикалық тәжірибесімен бөлісті.
«Төңкерілген сынып» моделін енгізу және оқытушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру Академия үшін жаңа көкжиектер ашады, қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне дайын жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді.