Халықаралық дөңгелек үстел: Сарапшылар заңсыз сатып алынған активтерді қайтаруды талқылады  

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында заңсыз сатып алынған активтерді қайтарудың өзекті мәселелеріне арналған Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ғалымдар, практиктер, прокуратура, қаржылық мониторинг органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және еліміздің басқа да ведомстволарының өкілдері қатысты.

Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды бағыт болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл жұмыстың әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және мемлекетке қайтарылған активтерді пайдалану үшін маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел аясында Академия «Активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің жеткіліктілігі: теориялық және қолданбалы аспектілер» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу ұсынды. Зерттеу қылмыстық кірістерді заңдастыруға, активтерді қайтару істері бойынша дәлелдемелерді жинауға және жеткіліктілігіне, сондай-ақ заңсыз байытуды қылмыстық жауаптылыққа тартудың рөліне қатысты мәселелерді терең зерттеуге бағытталған.

Қатысушылар қылмыстық-процестік және салааралық қақтығыстарға, Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 218-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саралануына, сондай-ақ үкімді орындау сатысында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару проблемаларына қатысты маңызды аспектілерді талқылады.

Айтылған ұсыныстар мен идеялар активтерді елге қайтару жөніндегі шараларды жетілдіру үшін пайдалы деп танылды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша құқық қолдану практикасын дамытуға белгілі бір үлес қосатын ұсынымдар жинағын шығару жоспарлануда.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі