Академияда экологиялық қылмыстармен күресу бойынша оқыту басталды

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілеріне қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы «Фауна және флора» халықаралық ұйымының қолдауымен екі апталық біліктілікті арттыру курсы басталды.

Іс-шараға табиғатты қорғау полициясының, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қазақстан Республикасы табиғатты қорғау мекемелерінің, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қызметкерлері қатысуда.

Курс бағдарламасы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы құқық бұзушылықтарды бақылау және жолын кесу үшін заманауи технологиялар мен мамандандырылған жабдықтарды, тактика мен стратегияларды оқытуды қамтып, флора мен фаунаға қарсы заңсыз әрекеттердің алдын алуға және оған қарсы тұруға бағытталған.

Жетекші отандық және шетелдік сарапшылар біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына халықтың әртүрлі топтарымен өзара іс қимыл жасау дағдыларын игеруге көмектеседі, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру үшін оларға жергілікті қауымдастықтармен және қоғамдық ұйымдармен тиімді байланысуды және ынтымақтасуды мүмкіндік беру.

Сондай-ақ тындауышлыр қоршаған ортаны қорғау жағдайында зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуді және қызметтік міндеттерін сапалы орындау үшін қажетті жабайы табиғи жағдайларда өмір сүру және навигация әдістерін қолдануды үйренеді.

Құқық қорғау органдары академиясы серіктестеріне алғысын білдіреді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі