Құқық қорғау органдары академиясы онлайн форматта «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбында жүргізіліп жатқан ведомствоаралық ғылыми зерттеу шеңберінде бастамашылық жасаған табиғатты қорғау қызметінің өзекті мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына ғылыми зерттеудің авторлық ұжымы, Армения, Беларусь және Қазақстанның прокуратура, ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ отандық және шетелдік ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысушылар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі табиғатты қорғау қызметінің маңыздылығын атап өтті, осы саладағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылда қабылданып жатқан шаралар бойынша тәжірибе алмасты. Ғылыми пікірталастар экологиялық қауіпсіздіктің заманауи қатерлері, экологиялық құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік, сондай-ақ табиғатты қорғау саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл сияқты тақырыптарды қамтыды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар ведомствоаралық ғылыми зерттеу жүргізуде ескерілетін болады.
Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі