Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті, оған ғалымдар, практиктер, прокуратура, қаржы мониторингі органдарының және еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген басқа да ведомстволардың өкілдері жиналды.
2017 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Академияның жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хаб ретіндегі бес бағытының бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты ресурстарды біріктіру арқылы мамандарды даярлау және тәжірибеге бағдарланған зерттеулер жүргізу бойынша бірыңғай алаңда әріптестердің күш-жігерін үндестіру болып табылады. Хабтың өзектілігі күн сайын артып келеді.
Осыны және құқық қорғау органдарының бастамаларын ескере отырып, ағымдағы жылы Академия «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу жүргізуге кірісті.
Іс-шараны ашылуында Академия ректоры Марат Сексембаев: «Халықаралық дөңгелек үстел нәтижелі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін, оның ішінде Академия жүргізіп отырған зерттеуінің негізі болатын шетелдік әріптестердің тәжірибесінде ұйымдастырылды», — деп атап өтті.
Іс-шара шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа құралдарын енгізуді қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс арқылы парасаттылықты тексеру (Integrity check) тетігін енгізу, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің корпоративтік жауапкершілігін күшейту, негізсіз байыту үшін жауапкершілікті енгізу сияқты бірқатар түйінді мәселелер қозғалды.
Сыбайлас жемқорлық схемаларында, оның ішінде «блокчейн» технологиясы негізінде криптовалюталарды пайдалану мәселелері, сондай-ақ қарастырылып отырған саладағы халықаралық әріптестермен өзара іс-қимыл тәжірибесі талқыланды.
Қатысушылар талқылауға ұсынылған ұсыныстар елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі одан әрі қадамдар үшін пайдалы болады деп үміттенді.
Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстел ұсынымдарының жинағын шығару жоспарлануда.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі