Бүгін Құқық қорғау органдары академиясы мен Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК) өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар табиғатты қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған бірлескен зерттеулер, семинарлар, конференциялар мен тренингтер өткізуге келісті. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялар мен келісімдердің ережелерін жүзеге асыруда бірлескен экологиялық іс-шаралар мен тәжірибе алмасу жоспарлануда.
Академия ректоры Марат Сексембаев қонақтарды жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулерге тоқталды.
Қазіргі уақытта экологиялық қылмыстармен күресу және қоршаған ортаға келтірілген залалды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар жеткіліксіз. Экологиялық субъектілердің өзара әрекеттесуінде проблемалар бар, бұл оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және олардың практикалық өзара әрекеттесуін талап етеді.
М. Сексембаев АСБК-ның табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға көмектесетініне сенім білдірді.
Меморандумға қол қою Академия мен АСБК-ның Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастыққа ұмтылысын көрсетеді.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі