Қауіпсіздік күштерін оқыту арқылы терроризмге және Интернеттегі басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күрес

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында халықаралық ынтымақтастықты нығайту аясында Интернеттің әлеуметтік желілеріндегі терроризмді және басқа да қылмыстарды тергеу мәселелері бойынша бір апталық оқу курсы аяқталды.

Оқыту іс-шарасы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу саласындағы қауіпсіздік күштердің ведомстволар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен өткізілді.

Курс бағдарламасы әртүрлі киберқылмыстарды тергеу бойынша полицияда тәжірибесі бар АҚШ сарапшыларының тәжірибеге бағытталған сабақтарын қамтыды.

Өздеріңіз білетіндей, кез-келген қылмыстық іс-әрекет материалдық із қалдырады. Киберкеңістіктегі зиянкестердің әрекеттері де ерекшелік емес. Бірақ оларды табу және зерттеу үшін криминалистиканың классикалық тәсілдері жарамсыз, ақпараттық технологияларды, сондай-ақ интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін білім мен дағдылар жиынтығы ретінде цифрлық сауаттылық қажет.

Сондықтан курс тыңдаушылары анонимді пайдаланушыларды әшкерелеу, сондай-ақ электрондық дәлелдемелерді тиімді алу, бекіту және бағалау үшін арнайы құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану дағдыларын игерді.

Бұл ретте, осы міндетті сапалы іске асыру үшін қатысушылар VPN, прокси-серверлерді және пайдаланушылардың жеке басын жасыратын басқа да әдістерді пайдалану қағидаттарын ескере отырып, онлайн-платформалардың күдікті пайдаланушыларын жедел әзірлеу кезінде құпиялылық ережелерін сақтауға бағдарланған.

Оқыту барысында тәжірибеден нақты жағдайларды модельдеу арқылы практикалық жаттығулар орындалды.

Оқу курсы қазіргі жағдайда құқық қорғау органдарының міндеттерін табысты іске асыру үшін киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың қажетті базалық және озық дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін тағы да растады.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі