Бүгін құқық қорғау органдары академиясына Кадр басқармасы бастығының орынбасары Ойбек Сұлтонов бастаған Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы келді. Кездесуге Қазақстан Бас прокуратурасының кадр қызметінің басқарушы құрамы, сондай-ақ Академия басшылығы қатысты.
Ойбек Сұлтонов Өзбекстанда қазақстандық прокуратураның елдің халықаралық-құқықтық саясатын іске асырудағы рөлін жоғары бағалайтынын және өзара іс-қимыл салаларын, оның ішінде прокуратура органдары үшін кадрлар даярлау мәселелерін кеңейтуге ниет білдіргенін атап өтті.
Өз кезегінде Академия ректоры Марат Сексембаев Қазақстан мен Өзбекстан ведомстволары арасындағы ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, одан әрі бірлескен жұмысқа қызығушылық танытты, әрі оқу орнының алдағы кезеңге қызметі және жоспарларымен таныстырды.
Тараптар бірлескен академиялық іс-шараларды өткізу, ғылыми жетістіктермен және озық оқыту технологияларымен алмасу қажеттілігіне баса назар аудара отырып, екі ел прокуратураларының оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.
Соңында қонақтарға Академия ғимараты мен аумағы бойынша экскурсия өткізілді.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі