«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия, анықтама телефоны: 8701-241-98-49, e-mail: 7172301@prokuror.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

Жалпы біліктілік талаптары:

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

Лауазымдық айлықақы :

Санаты Еңбек өтіліне қарай
min max
С-4 263 131 302 255

 

Академияның Кадрлық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді (бұйрықтарды дайындау), келісімшарт бойынша жұмысшыларды қабылдау, жұмыстан шығару (құжаттарды жинау және тексеру, еңбек шартын жасасу, бұйрықтарды дайындау) бойынша жұмысты жүзеге асырады; мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды; «Е-Қызмет» және «1-С» ақпараттық жүйелерін жүргізуді жүзеге асырады; кадр мәселелері бойынша, оның ішінде тұрақты жұмыс істейтін комиссиялардың іс қағаздарын жүргізеді; құпия емес іс қағаздар номенклатурасын, жедел қызметкерлердің, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің, штаттан тыс жұмысшылардың жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді; оларды мұрағатқа сақтауға тапсырады; арнайы тексеруден өту үшін мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты құжаттарды ресімдейді; мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; жедел қызметкерлердің, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, оның ішінде ақпараттық жүйелерде есепке алуды жүзеге асырады; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алады; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Біліміне қатысты талаптар:

— Педагогикалық ғылымдар (қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын және/немесе білім (орыс тілі және әдебиеті) және/немесе білім (Қазақ тілі және әдебиеті) және/немесе екі шет тілі (Білім));

— Өнер және гуманитарлық ғылымдар (филология);

— Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану және/немесе психология және/немесе кітапхана ісі және/немесе мәдениеттану және/немесе әлеуметтану және/немесе аймақтану және/немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету және/немесе халықаралық қатынастар);

— Бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе халықаралық құқық);

— Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (информатика және/немесе ақпараттық жүйелер).

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.02.2017 жылғы № 40 бұйрығы)  2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 

 

________________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені ____________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын       транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

____________________________________________________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-maіl: ______________________

ЖСН: ______________________

_________                                                                    ___________________________

(қолы)                                                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))