Құқық қорғау органдары академиясы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеуді бастады.
Оның мақсаты – құқық қолдану тәжірибесінің проблемалық мәселелерін іздеу және шешу, нормативтік құқықтық актілердегі олқылықтар мен қайшылықтарды анықтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа құралдарын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Зерттеу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық моделіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарды енгізу кезіндегі проблемалық мәселелерді зерделеу жоспарланып отыр.
Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы логикалық дәйекті реформалау және ықтимал қате шешімдердің алдын алу мақсатында қажет.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мүдделі тұлғаларды алдағы жұмысқа қатысуға шақырамыз, егер конструктивті ұсыныстар болған жағдайда 7171195@prokuror.kz, 7171235@prokuror.kz электрондық мекенжайларына жолдауларыңызды сұраймыз.
Академия ынтымақтастық пен ашық диалогқа әрқашан дайын.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі