Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты онлайн форматта ұйымдастырған халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел отырысында қылмысты болжаудың заманауи тәсілдері талқыланды.
Талқылауға отандық және шетелдік білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелердің өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысушылар криминогендік жағдайдың негізгі мәселелері мен болжамын, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мен жоюды, қылмыстың өсуіне қарсы іс-қимыл шараларын жоспарлаудың тиімділігін арттыруды талқылады.
Ғылыми пікірталастар абайсыз, рецидивті, экономикалық, экологиялық қылмысты, есірткі саудасы саласындағы қылмысты болжаудағы заманауи тәсілдер төңірегінде өтті.
Форум қорытындысы бойынша қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтауға, жедел жағдайға теріс әсер ететін факторларды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі