14-16 қараша аралығында Құқық қорғау органдары академиясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің прокурорлар мен тергеушілерді оқыту жөніндегі негізгі ұйымы ретінде «Прокуратура органдарының қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану, қылмыстық істер бойынша халықаралық ынтымақтастыққа баса назар аудару» тақырыбында аймақтық семинар өткізді.
БҰҰ ЕҚБ қолдауымен ұйымдастырылған оқу іс-шарасына Қазақстан мен басқа елдердің, соның ішінде Әзірбайжан, Армения, Германия, Грузия, Қырғызстан және Өзбекстанның сарапшылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жиналды. Семинарға қатысушылар тәжірибе алмасуға және ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін құқық қорғау органдарында да, жеке сектор ретінде кеңейтуге мүмкіндік алды.
Құқық қорғау органдарының тиімділігіне ықпал ететін олардың даму мүмкіндіктерін көрсететін қазақстандық ІТ-компаниялар ұсынатын жеке сектордың үлесіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар құқық қорғау жүйесін цифрландыру процесінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің рөлі егжей-тегжейлі ашылды. Ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты жобаларды іске асыруда тәжірибе алмасты.
Семинар аясында БҰҰ ЕҚБ Орталық Азия бойынша аймақтық өкілі Ашита Митталдың еңбегін ескере отырып, оған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.
Семинар аймақтық және халықаралық деңгейде білім мен тәжірибе алмасу арқылы құқық қорғау және ақпараттық технологиялар саласындағы тиімді халықаралық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жасауға ықпал етті.
Құқық қорғау академиясының
баспасөз қызметі