Заң университеттерінің студенттерге арналған «Ашық есік күні»

Ашық есік күні-әрбір студент үшін болашақ мамандыққа қол тигізу, оның қоғам үшін маңыздылығы мен құндылығын сезіну мүмкіндігі.

Астана қаласында заң университеттерінің студенттерімен Құқық қорғау органдары академиясында кездесу өтті.

М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 60-қа жуық жоғары курс студенттері Академияға барды. Аталған іс-шара жастарды құқық қорғау қызметіне тартуға бағытталған.

Студенттер мен олардың оқытушылары Академия өміріне жеке қатысуға және оқу процесінің ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды. Олар бірқатар дәрістерге қатысып, Академияның жетекші оқытушыларының тренингтеріне қатысты, сондай-ақ прокуратура жүйесінде табысты жұмыс істейтін түлектермен кездесті.

Таныстыру экскурсиясынан кейін Академия өкілдері студенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарға, оның ішінде құқық қорғау органдарына қызметке орналасу тәртібі мен рәсімі бойынша, сондай-ақ оқу процесі бойынша жауап берді.

Мұндай іс-шаралар болашақ мамандығын оңай таңдамайтын жастар үшін маңызды. Олар құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері туралы, сәйкесінше біздің оқу орнымыздың қабырғаларында қалыптасқан білім, білік және дағдылар туралы түсінік алады.


Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі