Құқық қорғау органдары академиясының шақыруымен Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің қызметкерлері ЖОО тыңдаушылары үшін бірқатар оқыту дәрістерін өткізді. Іс-шаралар болашақ құқық қорғау органдарының кәсіби білімі мен дағдыларын тереңдетуге бағытталған.
Көшпелі дәріс аясында діни қызмет саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелеріне басты назар аударылды. Мамандар экстремизм мен терроризмді насихаттайтын материалдарды анықтау міндеттерін егжей-тегжейлі қарастырды.
Сондай-ақ тыңдаушылар үлестік құрылыс мәселелері және осы саладағы азаматтардың құқықтарын қорғау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы құнды ақпарат алды.
Бағдарлама соңында спикерлер прокурордың құқықтық мәртебесі мен негізгі өкілеттіктерін көрсете отырып, прокурорлық қадағалаудың қалыптасуы мен дамуына тарихи шолу жасады.
Құқық қорғау органдары Академиясының баспасөз қызметі