Идеологиялық және тәрбие жұмысы аясында Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері мен тыңдаушылары жас көрерменнің музыкалық театрында «CHANEL №5» спектакліне қатысты.
Сапардың мақсаты — әйгілі «АЛЖИР» лагерінде жер аударылған саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының тарихын зерттеу.
«CHANEL №5» спектакль-драмасы қиын тағдырлар мен адамгершілікке жатпайтын қатыгездік туралы, сталиндік режим кезеңінде ұлттық зиялы қауым әйелдерінің азаптары жылдарындағы шынайы оқиғаларға негізделген. Қойылымның негізгі идеясы – «Алжирде» өмірдегі ең қиын сәттерде күйеулеріне адал болып, ар-намысқа нұқсан келтірместен және ішкі рухтың күшін жоғалтпаған әйелдердің бейнелері.
Академия тыңдаушылары тәуелсіздік, бостандық және патриотизм құндылықтарын ашатын спектакль тақырыбына шынайы қызығушылық танытты.
Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі