Конституция күніне орай спорттық тимбилдинг

Конституция күні қарсаңында Академияның Кәсіби оқыту институты Прокурорлық қадағалау кафедрасының қызметкерлері тимбилдингке қатысты.

Қатысушылар әртүрлі спорттық шараларға барынша қуатпен қатысып, жақсы физикалық дайындықтары мен спорттық шеберліктерін көрсетті.

Тимбилдингте бірқатар қызықты жарыстар болып, қатысушыларды жайлылық аймағынан шығуға, араларында ынтымақтастық пен ұжымдық күштің туындауына ынталандырды. Онда үйлестіру мен коммуникациялық байланысты тексеретін эстафетадан бастап шығармашылық ойлауды қажет ететін тапсырмалар болды.

Бірлескен жұмыс ұжымдық рух пен жолдастық сезімді күшейтіп, ұжымның бірігуіне үлес қосып, корпоративтік мәдениетті дамытып, әріптестер арасында жылулық пен достықтың туындауына себеп болды.

Іс-шара мемлекетіміздің Басты заңында бекітілген негізгі құңдылықтарына құрмет көрсету ретінде атқарылды.

Іс-шара нәтижесінде бойынша Академияның қоғамдық өміріне белсенді қатысқан қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.


Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі