Терроризмге қарсы күресуге жәрдемдесу бағдарламасының өкілімен кездесу

2023 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының проректоры Маралбек Ақылбекұлы Ешимов терроризмге қарсы күрес (ATA) бағдарламасының директоры көмекшісінің орынбасары Тим Лидспен кездесті.

Кездесуге АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің Өңірлік қауіпсіздік бөлімінің бастығы Пол Хандрикс, Орталық Азиядағы АТА бағдарламасының менеджері Майкл Твайнинг қатысты.

Тараптар терроризмге қарсы күресте құқық қорғау саласындағы ынтымақтастыққа, осы бағытта 2024 жылға жоспарланған оқу курстарына қатысты мәселелерді талқылады және өткізілген 5 курстың қорытындысы шығарылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдері ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылықтарын білдірді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі