Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында магистранттар мен докторанттардың шығарылымына арналған салтанатты шара өтті.
Түлектер қатарында прокуратура, ішкі істер органдары, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ТЖМ қызметкерлері болып табылатын 67 магистрант және 10 докторант.
Мерекелік шараны Академия проректоры Маралбек Ешімов ашты. Ол өз құттықтау сөзінде оқуды аяқтаған қызметкерлерге құқық қорғау жүйесінің одан әрі үдемелі даму векторын айқындап, оның озық дәстүрлерін сақтап, қалыптастыруға тура келетінін атап өтті.
Білім алушылар одан әрі кәсіби қалыптасу үшін жауапты әрі мағыналы қадам жасады. Енді оқу уақыты нәтижесіз өтпегенін өз жұмысымен дәлелдеуге, кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындауға тиіс.
Оқуда жоғары жетістіктер көрсеткен және ЖОО-ның қоғамдық өміріне белсенді қатысқан түлектер Академия ректорының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.