Академияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, Қаржы мониторингі агенттігіне және арнайы прокурорларға тергеу жүргізілетін қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген санаттары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу ерекшеліктеріне арналған біліктілікті арттыру курстары аяқталды.
Тренинг бағдарламасы басқару құзыреттерін жетілдіруге, стратегиялық ойлау дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және жағдайды жедел талдауға бағытталған.
Бюджет қаражатын ұрлауға, заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға байланысты сыбайлас жемқорлық және экономикалық құқық бұзушылықтарды тергеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Экономикалық құқық бұзушылықтарды тергеуде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану шеңберінде интернет желісінде іздеу іс-шараларын жүргізу, ЕРДР, ЕИАС, Oracle Bi, СИОПСО электрондық қылмыстық іс жүйелерін қолдану, сондай-ақ криптовалюта және тау-кен айналымы саласындағы заңсыз операцияларды анықтау ерекшеліктері қаралды.
Сонымен қатар оқыту коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметінде стресс-менеджмент технологияларын игеруге бағытталған.
Тренингтерді президенттік кадрлық резервті дайындау бойынша тәжірибесі бар Академия оқытушылары, сондай-ақ «BiockchainKZ» блокчейн технологиясын әзірлеушілер мен пайдаланушылар қауымдастығының вице-президенті Арман Конушпаев өткізді.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі