15.12.2022 жылы электрондық үкімет порталында «Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорлар мен өзге де қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Бас Прокурорының бұйрық жобасы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14346319) жарияланды.
Бұйрық жобасы «Прокуратура туралы» Конституциялық заңын іске асыру мақсатында әзірленген.