Жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеу туралы

Құқық қорғау органдары академиясы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың қызметіндегі әкімшілік қалау (дискреция)» тақырыбында ғылыми зерттеу жүргізуде.

Тақырыптың өзектілігі әкімшілік практикада мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде кәсіпкерлерде туындайтын бірқатар проблемаларға байланысты.

Мемлекеттік органдардың қызметі әрқашан белгілі бір шешімді таңдаумен байланысты. Мұндай таңдау еркіндігі кейде азаматтардың, соның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің конституциялық құқықтарын бұзуы мүмкін басқару қателіктерін тудырады.

Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың қызметінде әкімшілік қалауды (дискрецияны) іске асыруға байланысты проблемалық мәселелерді іздеу және шешу болып табылады.

Зерттеу барысында Академия мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының әкімшілік қалауын іске асыру салдарынан кәсіпкерлерге қатысты негізгі бұзушылықтар туралы мәліметтерді талдайтын болады.

Сондай-ақ шетелдік тәжірибені қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заңнаманы зерделеу жоспарлануда.

Академия сындарлы диалогқа ашық. Жүргізіліп жатқан зерттеу шеңберінде мүдделі тараптарды ынтымақтастыққа шақырамыз.

Сарапшылар ретінде қатысу үшін ұсыныстар мен өтінімдерді электрондық 7171422@prokuror.kz мекенжайына жолдауды сұраймыз.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі