Ынтымақтастықты нығайту

Құқық қорғау академиясының ректоры Марат Сексембаев пен АҚШ-тың ҚР Елшілігінің халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімінің басшысы Джон Веккер арасында кездесу өткізілді.

Тараптар одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады, Қазақстан мен Орталық Азияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруға қатысты өз көзқарастарымен бөлісті.

Қаржылық тергеу және активтерді қайтару, ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және киберқылмысқа қарсы күрес бойынша тренингтер өткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Кездесу шеңберінде оқыту іс-шараларын ұйымдастыру үшін Академияның оқу-практикалық орталығын жарақтандыру үшін компьютерлерді берудің ресми рәсімі өтті.

Сондай-ақ американдық тарап қаржылық тергеу, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық жаттықтырушылар пулын дайындауға, сондай-ақ құқық қорғау органдарына жас мамандарды іріктеу рәсімін жетілдіруге көмек көрсету үшін шетелдік сарапшыларды тартуға дайын екендігін білдірді.

ЖОО басшысы дипломатиялық миссия өкілдеріне өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі, қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, АҚШ Елшілігі Академияның сенімді серіктесі болып табылатынын, онымен бірлесіп халықаралық қауіпсіздікті нығайту, қазіргі әлемнің сын-қатерлері мен қатерлеріне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша көптеген жобалар іске асырылғанын атап өтті.

Джон Беккер серіктестікті дамытуға қызығушылық танытты және қол жеткізілген келісімдерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі