Құқық қорғау органдары академиясында «Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық саясатты дамыту перспективалары» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді, оның шеңберінде ЖОО білім алушыларының ғылыми жұмыстарының ағымдағы нәтижелері таныстырылды.
Іс-шараға заң ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кафедрасының доценті, елордалық адвокаттар алқасының мүшесі Ләззат Теміржанова, Академия қызметкерлері мен магистранттары қатысты.
Іс-шараның мақсаты — сұранысқа ие, тәжірибеге бағдарланған диссертациялық зерттеулерді қалыптастыру.
Қатысушылар ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру біліктілігінің проблемалық аспектілерін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу, ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінің қызметін құқықтық реттеу мәселелерін талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша диссертациялық зерттеулердің бағыттары бойынша ұсыныстар жасалды, осындай форматтағы кездесулерді өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігі атап өтілді.
Құқық қорғау огандару академиясының баспасөз қызметі