Академияда прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы мониторингі агенттігі, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктері қызметкерлеріне арналған онлайн-семинар аяқталды.
Оқу бағдарламасы экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелеріне арналған: қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, тергеудің заманауи әдістері, террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Нақты кейстер мысалында қатысушылар осы саладағы әрбір мемлекеттік органның функциялары мен мүмкіндіктерін зерттеді. Қаржыландырудың нысандары мен әдістері, оның ішінде желідегі криптоактивтерді қолдану, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларының осы жұмыстағы маңызы және үлкен деректерді талдау арқылы ұсынылатын мүмкіндіктер қарастырылды.
Қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды пайдалана отырып, террористік қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру негіздері түсіндірілді, озық халықаралық тәжірибе және отандық және шетелдік практикадан нақты мысалдар зерделенді.
Террористік тұрғыдан осал объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде заңнамалық және техникалық сипаттағы практикалық міндеттермен қатар, аталған санаттағы объектілерді басып алған жағдайда халықтың терроризмге қарсы санасын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен ҰҚК Академиясымен бірлесіп ұйымдастырылды.