Құқық қорғау органдары академиясы жоғары оқу орнының қызметкерлеріне ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері бойынша оқыту курсын өткізді.
Дәріскерлер ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының, М. Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының тәжірибелі өкілдері, сондай-ақ біздің Академияның қызметкерлері сөз сөйледі,.
Іс-шара ғылыми жұмыстың сапасын арттыруға, зерттеу қызметінің заманауи құралдары мен тәжірибелерін зерделеуге және енгізуге бағытталған.