Түркия Әділет академиясы — Құқық қорғау органдары академиясының жаңа серіктесі

Біздің жоғары оқу орны делегациясының Ыстамбұл қаласына сапары барысында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қол жеткізілген уағдаластықтардың мақсаты – прокурорлыққа кандидаттарды даярлау және құқық қорғау органдарының жұмыс істеп тұрған қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі күш-жігерді шоғырландыру.

Келісім шеңберінде тараптар бірлескен ғылыми және білім беру іс-шараларын, тағылымдамалар мен таныстыру сапарларын өткізуге, мамандар мен оқытушылармен алмасуға, оқу процесін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісуге ниетті.

Сондай-ақ бірлескен оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, оқу әдебиеттері мен әдіснамалық материалдармен тұрақты өзара алмасу жоспарлануда.

Тараптар шарттың құқықтық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және әріптестік қатынастарды нығайтуға елеулі серпін беретініне сенім білдірді.

Әділет академиясы 2003 жылы құрылған, Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады және елде де, одан тыс жерлерде де жоғары беделге ие.

Мекеме әлемнің 80-нен астам елінің оқу орындарымен және құқық қорғау органдарымен белсенді ынтымақтасады. Онда судьялар мен прокурорлар, адвокаттар мен шетелдік қызметкерлер дайындықтан өтеді.