Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) базасында «Көші-қон бағыттарында адам саудасына қарсы күрес» атты үшінші ұлттық симуляциялық тренинг өз жұмысын бастады.
Тренингті Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ІІМ Қарағанды және Алматы академияларымен, ҰҚК Шекара қызметі академиясымен, ОАӨАҮО, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің және Winrock International қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараға жүзден астам құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Симуляциялық жаттығудың форматы шындыққа мүмкіндігінше жақын жағдайлар мен оқиғаларды жасауды қамтиды.
Апта бойы қатысушылар берілген сценарийлер шеңберінде қылмыс құрбандарын сәйкестендіру, зардап шеккендерге көмек көрсету, жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу, адамдардың заңсыз трафигіне қатысы бар адамдарды анықтау бойынша практикалық дағдыларды меңгеретін болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес оқыту бағдарламасына адамдарды астыртын зертханаларда пайдалану фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ есірткі құралдарын мемлекеттік шекара арқылы тасымалдауға мәжбүрлеу мәселелері енгізілді.
Тренинг 23 қыркүйекте аяқталады.